ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында бүгін мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева еркін бағдарламада өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұзайдынға 7-ші болып шыққан отандасымыз еркін бағдарламада 118.30 ұпай еншіледі.
Естеріңізге сала кетейік, ол осыған дейін қысқа бағдарламада 57.95 ұпай еншілеп, 15-ші орынға ие болған болатын. Осылайша қос сайыстың қорытындысы бойынша ол қазір 177.12 ұпаймен бірінші орында тұр. Әлі еркін бағдарлама сайысын аяқтамаған 16 мәнерлеп сырғанаушы бар. Сондықтан, жалпы есептегі көрсеткіштер әлі де өзгереді.
Фото: Ізтұрған Алдауев
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.