ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұз айдынға 23-ші болып шыққан отандасымыз қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, 57.95 ұпай еншіледі. Элизабет Тұрсынбаева дәл қазіргі көрсеткішімен үздік он спортшының қатарында тұр.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада сынға түскен Айза Мамбекова 44.40 ұпай еншілеген болатын.
Фото Даниар Майлыбаев
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.