Ақ Олимпиадада спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығы ойнатылады. Осы спорт түрлерінің ішінде ең көп медальдар коньки тебу спортынан болса (14 медаль), ең аз медаль скелетон мен хоккей спортынан (екі-екіден).
Одан кейінгі медальдар рет-ретімен шаңғы жарысынан - 12, биатлон мен тау шаңғы спортынан - 11, сноуборд пен фристайлдан - 10, шорт-тректен - 8 медаль сарапқа салынады. Ал мәнерлеп сырғанаудан -5, трамплиннен секіру мен шана спортынан 4 медальдан ойнатылады. Сондай-ақ, бобслей, керлинг және шаңғы қоссайысынан үш-үштен медальдар жиынтығы сарапқа салынады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиадада спорттың 9 түрінен ел намысын қорғайды. ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді.