ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншыларымыз жүлделі орындардан көріне алған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін биатлоннан әйелдер арасында 4х6 шақырымдық эстафетада отандастарымыз Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина Райкова және Дарья Климина қатысқан болатын. Өкінішке қарай, отандастарымыз жарысты 14-ші орынмен аяқтады.
Эстафетаның бас жүлдесін Белорусь спортшылары жеңіп алса, күміс жүлдені Швеция командасы қанжығасына байлады. Ал үшінші орынды Франция құрамасына бұйырды.
Фото: Ізтұрған Алдауев
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.