ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Роман Еремин жарысты 52-ші орынмен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған додада бас жүлдені франциялық Мартен Фуркад жеңіп алса, екінші орынды швециялық Себастьян Самуэльссон қанжығасына байлады. Үшінші орынға германиялық Бенедикт Долл ие болды.
Олимпиада ойындары - 2018. Пхёнчхан
Биатлон
Ізге түсу. Ерлер, 12.5 шақырым
1. Мартен Фуркад (Франция) - 32:51.7
2. Себастьян Самуэльссон (Швеция) - 12.0
3. Бенедикт Долл (Германия) - 15.1
... 52. Роман Еремин (Қазақстан) - 5:59.4
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.