АСТАНА. ҚазАқпарат - Буэнос-Айрестегі өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында боксшылар бәсекесі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Надежда Рябец польшалық Наталия Гажевскаяны 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті.
Айта кетейік, жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан командасы әзірге 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.