Аталған додада қазақстандық шаңғышы қыздар Валерия Тюленева, Анна Шевченко мен Елена Коломина сынға түсіп, үшеуі де жарыста жүлдеге қол жеткізе алмады.
47 шаңғышы қатысқан додада қазақстандық қыздар бірінен кейін бірі 31,32 және 33-ші орындарға ие болды.
Осылайша Қазақстан құрамасы Пхенчхандағы Олимпиада ойындарын аяқтады.
30 шақырымдық шаңғы сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
1. Марит Бьерген (Норвегия) - 1:22:17.6
2. Криста Пармакоски (Финляндия) - 1:49.5
3. Стина Нильссон (Швеция) - 1:58.9
31. Анна Шевченко (Қазақстан) - 13:18.5
32. Валерия Тюленева (Қазақстан) - 13:20.4
33. Елена Коломина (Қазақстан) - 13:20.8.