ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында шаңғышы жігіттеріміз командалық спринт жарысын 8-ші орынмен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шаңғыдан ерлер арасында өткен командалық спринт жарысына жалпы 14 команда қатысты. Бұл сында Қазақстан атынан Денис Волотка мен Алексей Полторанин бақ сынап, 8.4 шақырымдық аралық мәре сызығын 8-ші болып кесті.
Жарыс нәтижелері:
1. Норвегия - 16:03.97
2. Франция - 0.48
3. АҚШ - 0.72
8. Қазақстан (Денис Волотка, Алексей Полторанин) - 26.13.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.