ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында конькиші жігіттеріміз 500 метр қашықтықта сынға түсіп, жүлделі орындарға ие бола алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған қашықтықта жарыс жолына үш бірдей конькишіміз Артем Крикунов, Станислав Палкин және Роман Креч шыққан болатын. Өкінішке қарай, үшеуі де жүлделі орындардан құр қалды.
Қазақстандықтар арасынан Палкин 24-ші орынға ие болды. Ол бас жүлдені жеңіп алған норвегиялық Хавард Лоренценнен 0,92 секундқа қалып қойды. Екінші спортшымыз Крикунов 25-ші орынды ( 0.93) місе тұтса, үшінші конькишіміз Креч жарысты 35-ші ( 1.51) орынмен аяқтады.
фото: Данияр Майлыбаев
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.