ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен 1500 метр қашықтықта сынға түскен Ким Ионг А алғашқы іріктеуден өтпей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кореядан қалап алған қызымыз жарысқа Венгриядан келген Сара Лютса Бакчай, голландиялық спортшы Джорин Тер Морс, жапондық Сумир Кикути, италиялық спортшы Арианна Фонтана және оңтүстіккореялық спортшы Шим Су Химен сынға түсті. Өкінішке қарай, өз тобында аталған қашықтықта мәре сызығын төртінші болып кесіп, келесі кезеңге өтпей қалды.
Сондай-ақ, тура осы қашықтықта сынға түскен екінші шорт-трекші аруымыз Анастасия Крестова да үмітті ақтамады. Ол өз тобында 1500 мерді 6-шы орынмен аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін кореялық Ким Ионг А Қазақстан атынан Олимпиада ойындарына баратыны туралы хабарлаған болатынбыз.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.