Халықаралық Олимпиада комитеті үміткер қалалар саны көп болмағандықтан, соңғы 30 жылда алғаш рет үміткерлерді шығарып тастаған жоқ. Өтінім берген барлық үш қала да 2018 жылғы Олимпиада астанасы атағына ресми үміткер мәртебесін алды.
2018 жылғы қысқы Олимпиаданың астанасы 2011 жылы Дурбанда өтетін Халықаралық Олимпиада комитетінің 123-інші сессиясында белгілі болады. Әзірге олимпиадалық додада оңтүстіккореялық Пхенчхан көш бастап келеді, бұл қала осы мәртебені жеңіп алу үшін осымен қатарынан үшінші рет бақ сынап отыр. 2010 жылы оны канадалық Ванкувер жеңіп алды, ал 2014 жылғы олимпиаданы өткізу құрметіне ресейлік Сочи қаласы ие болған еді.