АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ерлер арасында шаңғымен «Скиатлон» жарысы өтті. Қазақстан командасы атынан бұл сайысқа Евгений Величко мен Виталий Пухкало қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық шаңғы жарысы федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Олимпиада ойындарына жоғары дайындықпен келген норвегиялық спортшылар жүлделі орындардың барлығына иелік етті. Алтын медаль Симен Крюгерге бұйырды.
Ал Қазақстан спортшысы Виталий Пухкало мәр сызығын 34-ші, Евгений Величко болса 43-ші болып кесіп өтті.
Фото: Izturgan Aldauyev
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.