ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында бірінші болып сынға түскен трамплиннен шаңғымен секіруші Сергей Ткаченко алғашқы іріктеуден өтпей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында қазақстандықтардан бірінші болып Сергей Ткаченко жарыс жолына шықты. Өкінішке қарай ол 90 метр биіктіктен шаңғымен трамплиннен секірудің іріктеу кезеңінде 83.7 ұпай жинап, 51-ші орын алды. Бұл көрсеткіш оның финалдық кезеңде өнер көрсетуіне жеткіліксіз.
Енді Сергей Ткаченко ақпанның 16-ы күні үлкен трамплиннен секіреді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.