ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында трамплинде шаңғымен секіру сайысында сынға түскен отандасымыз Сергей Ткаченко екінші іріктеуден өтпей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол бүгін үлкен трамплиннен секіруде екінші іріктеу сайысына қатысқан болатын. Алайда, жарыс барысында 73,5 ұпай жинап, үздік 30 спортшының қатарына қосыла алмады.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Ткаченко үлкен трамплиннен секіру сайысының алғашқы іріктеу сынында 70,9 ұпай жинап, екінші іріктеу сайысына өткен болатын. Өкінішке қарай бүгін жолы болмады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.