Олимпиада-2018: Сергей Ткаченко іріктеу кезеңінен өтті

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында трамплиннен шаңғымен секіру сайысында бақ сынаған қазақстандық Сергей Икаченко алғашқы іріктеуден сүрінбей өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үлкен трамплиннен секіру сайысында Сергей Ткаченко 70,9 ұпай жинады. Енді ол ертең, яғни 17-ші ақпанда екінші іріктеу сайысында сынға түседі. Егер, ертеңгі іріктеуден үздіктер атарына қосылып жатса, ол медаль үшін сынға түсетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Сергей Ткаченко 90 метр биіктіктен шаңғымен трамплиннен секірудің іріктеу кезеңінде 83.7 ұпай жинап, 51-ші орынға қол жеткізген еді. Бұл көрсеткіш оның финалдық кезеңде өнер көрсетуіне жеткіліксіз болды.

Шығыс Қазақстан облысының 18 жастағы спортшысы биыл Олимпиада ойындарына бірінші рет қатысып отыр.