Отандасымыз Шевченко бүгін Олимпиада ойындарындағы классикалық спринт сынында ел намысын қорғап, алғашқы іріктеуден сүрінбей өтті.
Ол мәре сызығын 3 минут 23,27 секундта басып, нәтижесінде 67 спортшының арасынан 27-орынға ие болы. Осылайша ол алғашқы үздік 30 спортшының қатарына еніп, ширек финалда бақ сынайтын спортшылар қатарына енді.
Ал тура осы сында ел намысын қорғап жатқан екінші шаңғышы ару Елена Коломина 55-ші, Валерия Тюленева 60-шы орындарға табан тіреді. Бұл көрсеткіш оларға ары қарай жарысты жалғастыруға жеткіліксіз болды. Енді, ширек финалдағы спринт сайысы Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.