ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореядағы өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында бүгін шорт-тректен Қазақстан құрамасы финалға өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
5000 мың метрлік эстафета жарысында команда капитаны Абзал Ажғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша және Еркебұлан Шамуханов мұз айдынға шықты. Қазақстан құрамасының қарсыластары Канада, Қытай және Голландия елінің спортшылары атанды.
Жарыс барысында құрама мүшесі Денис Никиша құлап қалды. Нәтижесінде жылдамдықты жоғалтып алған отандастарымыз өз тобында 6:47.727 уақыт көрсеткішімен төртінші орынға ие болды.
Бұл сайыста Қытай құрамасы (6:36.605) бірінші, Канада (6:41.042) екінші, ал үшінші орынға Голландия құрамасының спортшылары ие болды.
Фото: Данияр Майлыбаев
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.