Юлия Галышева 76, 36 ұпаймен жетінші орынды иеленіп, финалға тікелей жолдама алды. Іріктеу сайысында француздық Перрин Лаффонт 79,72 ұпаймен топ жарды.
Қазақстанның намысын қорғап жүрген 16 жастағы Аяулым Әмренова 52,78 көрсеткішпен 26-шы орынды иеленіп, финалға өте алмады.
Әйелдер арасында могулдың финалы 11 ақпанда өтеді. Басталуы Астана уақытымен сағат 18:00-де.