Закурдаев екі мүмкіндіктің қорытынды есебі бойынша жеңімпазға 17 секунд ұтылып, жарысты 51-ші орында аяқтады. Аталған додада бас жүлдені австриялық Марсель Хершер жеңіп алса, күміс жүлдені норвегиялық Хенрик Кристофферсон иеленді. Ал үздік үштікті франциялық Алексис Пинтураль түйіндеді.
15:54, 18 Ақпан 2018
Олимпиада-2018: Закурдаев алып слаломда 51-ші болды
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында алып слаломнан сайыстар өтті. Бұл жарыста қазақстандық тау шаңғышы Игорь Закурдаев бақ сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.