ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында бүгін шорт-тректен 1000 метр қашықтықта сынға түскен Нұрберген Жұмағазиев финалға өтпей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отандасмыз 1000 метр қашықтықты 1:24.271 уақытпен жүгіріп өтіп, өз тобында соңғы төртінші орынға ие болды. Аталған қашықтықта ширек финалға канадалық Самуэль Жирар (1:23.894) мен Олимпиада комитетінің атынан өнер көрсеткен ресейлік спортшы Семен Елистратов (1:23.979) шықты.
Енді, санаулы минуттардан кейін Жұмағазиев 5 мың метрлік эстафета жарысында тағы да өнер көрсетеді. Эстафетада онымен бірге Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов мұз айдынға шығады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.