«Біз 2020 жылы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізуге қажетті дүниенің бәрін жасаймыз. Токиодағы Ойындар әлемдегі барша халыққа ұнайды деп үміттенемін», - деп Киодо агенттігі премьер-министрдің сөзін келтірді.
Сонымен бірге, Абэ Олимпиадада ойын көрсеткен жапон спортшыларына алғыс білдірді. «Жапонияға оралған соң, сендер өз әсерлерің, өз тәжірибелерің жайлы басқалармен бөлісулеріңді қалаймын. Бәріміз бірге Токиодағы Олимпиада ойындарына қадам басамыз», - деп толықтырды өз сөзін Жапония үкіметінің басшысы.