2024 жылғы Ойындарды өткізуге өтінімдер беру үдерісі сенбі күні Монакода өткен ХОК-тің атқарушы комитетінің отырысында бекітілді.
2024 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге өтінімдер қабылдау 15 қыркүйектен басталып, 2016 жылдың сәуір-мамыр айларына дейін созылады. Сол кезде Халықаралық Олимпиада комитеті айтулы додадын ұйымдастыру үшін бақ таластыратын қалалар санын біржола бекітеді. Ал 2024 жылғы Ойындар астанасы 2017 жылы жазда таңдалады, деп хабарлайды ТАСС.