Олимпиада-2024: Спорттық гимнастикадан 2 спортшымыз финалдық кезеңге өтті

Фото: Турар Казангапов, ҰОК

ПАРИЖ. KAZINFORM – Бүгін Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында спорттық гимнастикадан ерлер арасында іріктеу кезеңі өтті. Финалдық кезеңге екі спортшымыз — Милад Карими мен Нариман Құрбанов жолдама алды. 

Ұлттық команда сапынан Милад Карими мен Нариман Құрбанов сынға түсті.

Фото: Турар Казангапов, ҰОК

Спортшыларымыз нәтижесі:
Ат снарядындағы жаттығу (финалы 3 тамызда)
5-орын Нариман Құрбанов – 15.000 ұпай
30-орын Милад Карими – 13,266 ұпай

Еркін жаттығу (финалы 3 тамызда)
7-орын Милад Карими – 14.433 ұпай

Көпсайыс (финал 31 шілде)
15-орын Милад Карими – 14.433 ұпай

Қос сырық (финал 5 тамыз)
21-орын Милад Карими – 14.366 ұпай

Шығыршық. (финал 4 тамыз)
36-орын Милад Карими – 13.000 ұпай

Керме жаттығуы. (финал 5 тамыз)
40-орын Милад Карими – 12.700 ұпай.