АР хабарлағандай, бұл шешім 9 желтоқсанда, 127-ші жыл сайынғы сессияның соңғы күнінде Монакода қабылданды. ХОК 130-шы сессиясын өткізу орны Лима болып дауыс беру арқылы таңдалғанын атап өтеді. Бұл қалаға ХОК-тың 54 мүшесі дауыс берген, ал Хельсинки 30 дауыс жинады.
Олимпиада-2024 өткізуге үміткерлер өз кандидатурасын 2015 жылғы 15 қыркүйекке дейін ұсынуы тиіс.
ХОК-тің кезекті сессиясы келесі жылы Куала-Лумпурде (Малайзия) өтеді. Онда қысқы Олимпиада-2022 астанасы таңдалады.