Олимпиада-2026: Қазақстан құрамасы параллельді могул сайысында жүлдеден тыс қалды

Фото: Тұрар Қазанғапов

ЛИВИНЬО. KAZINFORM – Бүгін Италияның Ливиньо тау шаңғы курортында Олимпиада ойындарының әйелдер арасында параллель могул жарысы басталды.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан Юлия Галышева, Анатасия Городко және Аяулым Әмренова жарыс жолына шықты.

Алғашқы айналымда Аяулым Әмренова келесі кезеңнен тыс қалды. Ал Юлия Галышева мен Анастасия Городко 29 ұпаймен келесі кезеңге жолдама алды.

Екінші кезеңде, Анастасия 22 ұпай енішілеп, қарсыластарын тағы қапы қалдырып, ширек финалға жолдама алды.

Ал Юлия Галышева жарыс жолында қателікке жол беріп, келесі кезеңге өте алмады.

Ширек финалда Анастасия Городко бірінші секіруде сүрініп, жарыс жолынан шығып қалды.

Осылайша, үш қазақстандық праллель могулдағы жарыс жолын аяқтады.

Айта кетейік, бүгін 16 қазақстандық спортшы 7 спорт түрінен жарыс жолына шығады.