Олимпиада-2026: Қазақстан шорт-трекшілері жарыс жолына шықты

Фото: Сали Сабиров

МИЛАН.KAZINFORM – 10 ақпан Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарынның шорт-трек жарысы басталды.

Милан мұз аренасында Яна Хан, Ольга Тихонова, Денис Никиша және Абзал Әжғалиев ел намысын қорғады.

Ең әуелі әйелдер арасында 500 мтрге сырғанаудан бәсекеде Ольга Тихонова 46.385 секунд нәтиже көрсетті. Ал Яна Хан екінші айналымда сұрініп, жарыс жолынан шығып қалды. Осылайша олар бұл сында келесі кезеңге өте алмады.

Ерлер арасында 1000 метр бәсекесінде Денис Никиша 1 минут 25.987 секундта өз тобында мәре сызығын үшінші болып кесіп, іріктеуден аса алмады.

Қазақстан құрамасы аралас эстафетада Канада, Қытай және Белгия командасымен шеберлік байқасып, мәре сызығын төртінші болып кесті.

Айта кетейік, бүгін ерелр арасында мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров өнер көрсетеді.