Олимпиада-2026: Қазақстан жалпы есепте 15-орынға көтерілді
МИЛАН.KAZINFORM – Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының алтыншы жарыс күні аяқталды.
Бүгін 10 медальдар жиынтығы сарапқа салынып, Олимпиада жүлдесін жеңіп алған елдер саны 24-ке жетті.
Норвегия құрамасы 18 медаль (8 алтын, 3 күміс және 7 қола) еншілеп, әлі де көш бастап түр. Ал Италия құрамасы 6 алтын, 3 күміс және 9 қола медальмен екінші орынға жәйғасты. АҚШ құрамасының қанжығасында 14 медаль (4 алтын, 7 күміс және 3 қола) бар.
Қазақстан құрамасы 1 алтын жүлдемен жалпы есепте 15-орынға жәйғасты.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан жерлесіміз Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды.
Ел | Алтын | Күміс | Қола | Жалпы |
1. Норвегия | 8 | 3 | 7 | 18 |
2. Италия | 6 | 3 | 9 | 18 |
3. АҚШ | 4 | 7 | 3 | 14 |
4. Франция | 4 | 5 | 1 | 10 |
5. Германия | 4 | 4 | 3 | 11 |
6. Швеция | 4 | 3 | 1 | 8 |
7. Швейцария | 4 | 1 | 2 | 7 |
8. Аустрия | 3 | 6 | 4 | 12 |
9. Жапония | 3 | 3 | 0 | 14 |
10. Нидерланд | 3 | 3 | 0 | 7 |
11. Чехия | 2 | 2 | 0 | 4 |
12. Аустралия | 2 | 1 | 0 | 3 |
13. Оңтүстік Корея | 1 | 1 | 2 | 4 |
14. Словения | 1 | 1 | 1 | 2 |
15. Ұлыбритания | 1 | 0 | 1 | 1 |
16. Қазақстан | 1 | 0 | 0 | 1 |
17. Канада | 0 | 3 | 0 | 7 |
18. Қытай | 0 | 2 | 0 | 2 |
19. Польша | 0 | 2 | 1 | 2 |
20. Жаңа Зеландия | 0 | 1 | 1 | 2 |
21. Латвия | 0 | 1 | 0 | 1 |
22. Болгария | 0 | 0 | 2 | 2 |
23. Бельгия | 0 | 0 | 1 | 1 |
24. Финляндия | 0 | 0 | 1 | 1 |