Іріктеу жарысында ұлттық құрама спортшылары Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков бақ сынады.
Қортындысында Дарья Ряжко мәре сызығын 55-шы болып кесті.
Ал Анна Мельник 58-орын, Надежда Степашкина 63-орын, Ксения Шалыгина 72-орыннан көрінді.
Ерлер арасында Виталий Пухкало және Әмірғали Мұратбеков 75-76-шы оырнды қанағат тұтты.
Тағы бір ортандасымыз Наиль Башмаков 85-орынға жәйғасты.
Айта кетейік, классикалық спринт жарысында алдыңғы 30 спортшы финалдық кезеңге жолдама алады.
Бүгін Миланда қазақстандық шорт-трекшілер жарыс жолына шығады.