АСТАНА. KAZINFORM – 30 шілдеде Париж Олимпиадаcында қазақстандық спорттың бес түрінен — стендтік ату, дзюдо, бокс, суға жүзу және садақ атудан ел құрамасынан жеті спортшы жарыс жолына шығады.
Стендтік ату
12.00. Әйелдер. Іріктеу. Мария Дмитриенко
Дзюдо
13.00. Ерлер. Іріктеу. 81 келі. Абылайхан Жұбаназар - Атилла Унгвари (Венгрия)
13.00. Әйелдер. Іріктеу. 63 келі. Эсмигуль Куюлова - Лубьяна Пиовесана (Австрия)
Бокс
19.18. Ерлер. 80 келі. Нұрбек Оралбай - Каллум Питерс (Австралия)
23.00. Ерлер. 51 келі. Сәкен Бибосынов - Самет Гюмюш (Түркия)
Суға жүзу
11.15. Ерлер. Еркін стиль. 100 метр. Іріктеу. Әділбек Мусин. (23.30. Жартылай финал)
Садақ ату
22.03. Ерлер. Жекелей сын. 1/32 финал. Ильфат Абдуллин - Эрик Петерс (Канада)
Жарыстардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Спортшылар жарыстың басында да, күні бойы басқа уақытта ойын көрсетуі ықтимал.
Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.