Олимпиада алауы Челябінің көшелерін әртүрлі әдіспен аралады - конькимен де, шаңғымен де, тіпті қаланың символына айналған түйенің үстінде де саяхаттады.
АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Олимпиада алауы Челябіге де жетті. Сарышұнақ аяз бен жұмыс уақытына қарамастан бұл көріністі тамашалауға жүздеген адам келді, деп хабарлайды Газета.ру.