Роскосмостың баспасөз қызметі хабарлағандай, Халықаралық ғарыш стансасындағы (ХҒС) 39 экспедиция экипажы Жерге «Союз ТМА-11М» кемесінде оралмақ.
«Союз ТМА-11М» ғарыш кемесін ХҒС 2014 жылдың 14 мамырында ажырату көзделген.
«Союз ТМА-11М» кемесі Байқоңырдан 2013 жылдың 7 қарашасында ұшырылған. Оның экипажы ХҒС олимпиада алауын жеткізген болатын. Олимпиада алауы экипаж эмблемасына, ал зымыран тасығыш пен ғарыш кемесіне олимпиадалық символика белгіленген.
ХҒС-39 мен ХҒС -40 экспедициялары барысында ресейлік ғарышкер М.Тюрин 50 тәжірибе бойынша 600-ден астам сеансқа қатысты, деп атап өтті баспасөз қызметінде.