Олимпиада бағдарламасына енген спорттан Қазақстан 4 медаль алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан академиялық ескек есуден халықаралық регатада 4 медаль еншіледі, деп хабарлайды Ескек есу түрлерінен Қазақстан ұлттық федерацияның баспасөз қызметі.

Фото: Ескек есу түрлерінен Қазақстан ұлттық федерациясы

Ресей Федерациясының Владивосток қаласында академиялық ескек есуден халықаралық регатада Қазақстан командасы сәтті өнер көрсетті.

Биыл 5-рет ұйымдастырылған жарыста Қазақстан қоржынына 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль түсті.

Фото: Ескек есу түрлерінен Қазақстан ұлттық федерациясы

Жағалаудағы академиялық ескек есу сайысында Анастасия Кулинич жекелей сында (1x) финалда 1000 метрді 3:37.63 секундта бағындырып, жеңімпаз атанды.

Жағалаудағы академиялық ескек есу — 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиаданың бағдарламасына ресми кірген бағдарлама. Батыр Мәдиев «концепт» дисциплинасында залда ескек есуден жекелей сында күміс жүлдеге қол жеткізді.

Фото: Ескек есу түрлерінен Қазақстан ұлттық федерациясы

Ал Арыстан Айбеков жағалаудағы академиялық ескек есу бәсекесінде 3-ші болып мәреге жетті. Отандасымыздың уақыт көрсеткіші — 3:20.79 секунд. 

Қазақстан командасы микст (Анастасия Кулинич, Арыстан Айбеков, Батыр Мәдиев пен Дарья Лялина) аралас командалық бәсекеде үздік үштікті түйіндеді. Барлығы Ұлттық құрама сапында 6 ескек есу шебері бақ сынады.

Фото: Ескек есу түрлерінен Қазақстан ұлттық федерациясы

Айта кетейік, биыл регатаға 5 елдің спортшылары жиналды.

Бұған дейін Мария Бровкова байдарка мен каноэде ескек есуден әлем чемпионатында үздік бестікке енгені белгілі болды.