ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Кореяның Пхенчхан қаласында алауы тұтанған ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында биатлоншыларымыз сайысқа қандай нөмермен шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі арнайы Пхенчханнан.
Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында әйелдер арасында 7,5 шақырымдық спринт жарысы басталады. Аталған сында Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина Райкова, Дарья Климина және Елизавета Бельченко сынға түседі.
Отандастарымыз арасынан Галина Вишневская 18-ші, Ольга Полторанина жарысқа 43-ші, Алина Райкова - 73-ші, ал Дарья Климина - 82-ші нөмірмен шығады.
Жарыс Астана уақытымен сағат 17:15 басталады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.