ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан ерлер арасындағы 4х7,5 шақырымдық эстафета жарысында отандастарымыз жүлделі орынға іліге алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған дода Қазақстаннан Максим Браун, Роман Еремин, Василий Подкорытов және Владислав Витенко сынға түсті.
Өкінішке қарай жерлестеріміз 4х7,5 шақырымдық эстафета жарысын 17-ші орынмен аяқтады.
Бұл сында бас жүлдені Швеция (1:15:16.5) елінің құрамасы жеңіп алды. Ал екінші орынды Норвегия спортшылары (1:16:12.0), ал үздік үштікке Германия спортшылары 1:17:23.6 жайғасты.
Фото:olympic.kz
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.