Оның құрылысы 2011 жылы басталған. Кешен темір жол вокзалы маңында орналасқан. Күн сайын мұнда 300-ге жуық адам келуге болады. Орталықтың таэквандо, бокс, дзюдо, грек-рим күресі, бассейн, сондай-ақ футбол алаңы, баскетбол және волейбол алаңдары бар. Футбол алаңының мінбесі 300 адамға арналған.
21:03, 31 Қаңтар 2014
Олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев пен Юрий Мельниченко Астанада спорт кешенін ашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев пен Юрий Мельниченко бүгін Астанада «Жас батыр» спорт-сауықтыру кешенін ашты, деп хабарлады ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің баспасөз қызметінен.