Олимпиада чемпиондары Баландин мен Рахимов әскери міндетін өтеуге аттанды
«26 желтоқсан күні Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қалалық жиналу пунктінде әскери міндетін өтеуге аттанатын сарбаздарды шығарып салу салтанатты шарасы өткізілді. Әскерге шақырылғандар арасында Олимпиада чемпиондары Дмитрий Баландин мен Ниджат Рахимов бар», - деді аталған департаменттен.
Айта кетейік, жыл сайын Алматыдан 2000 адам әскер қатарына алынады. Бұл жолы 50 болашақ сарбаз Астанадағы №5573 әскери бөлімге аттанды.
Салтанатты жиында Дмитрий Баландин әскер қатарына шақырылып отырған замандастарына сәттілік тілеп, шыңдалып оралу қажеттігін айтты.
Олимпиада чемпионына: "Әскер қатарына өз еркіңмен кетіп бара жатсың ба?" деген сұрақ қойылды.
Бұл сұраққа ол: «Әр азаматтың Отан алдында Конституциялық міндеті бар, ол борышты өтеуге әркім міндетті», деп жауап берді.