Олимпиада чемпионы Елдос Сметов дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа қолдау көрсетті
ПАРИЖ. KAZINFORM – Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы алтын медаль сыйлаған Елдос Сметов командаласы Ғұсман Қырғызбаевқа жанкүйерлік танытып, жарыс алаңына арнайы келді.
Фото: Тұрар Қазанғапов
Айта кетейік, бүгін дзюдошылар арасында 66 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев ел намысын қорғап жатыр. Ол алғашқы айналымда испаниялық татами шебері Давид Гарсия Торнемен белдесіп, жеңіске жетті.
Фото: Тұрар Қазанғапов
Ал, Елдос Сметов кеше 60 келі салмақта жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, чемпион атанған еді.
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.