Олимпиада чемпионы А.Винокуров «Rixos Borovoe-2013» қайырымдылық велошеруіне қатысады

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Осы сенбіде қазақстандық және шетелдік ірі компаниялар топ-менеджерлерінің және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Rixos Borovoe-2013» қайырымдылық велошеруі өтеді.

Шараға қатысушы 150 адамның арасында Олимпиада чемпионы Александр Винокуров та бар.

Қайырымдылық велошеруінің мақсаты - «Тыныс ал, балақай!» республикалық жобасы аясында Көкшетау қаласындағы облыстық перинаталды орталықтың жан сақтау бөлімшесіне қажетті медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға қаржы жинау.

Айта кетерлігі, облыстық перинаталды орталықта жыл сайын 4 мыңнан астам сәби дүние есігін ашады. Шетінеген сәбилердің шамамен 80 пайызын шала туғандар құрайды.