Олимпиада чемпионы - Алматы қаласының құрметті азаматы

АСТАНА 25  қыркүйек. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Алматының жақсы оқиғасының бірі грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Жақ­сылық Үшкемпіровтің «Алматы қаласының құр­метті азаматы» атануы болды. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санында хабарлады.

Спортсүйер қауымның көңілінен шыққан игі іс демалыс күні Алматыдағы Орталық стадионда өткен Қазақстан Республикасының футбол чем­пио­на­тының кезекті ойынының басталуымен орай­лас­тырылған еді.
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов осы ойынды тамашалауға шақырылған Олимпиада чемпионын лайықты атағымен ұлықтады.

- Алматы қашанда Қазақстанның спорттық ордасы да болып табылады. Біздің спортшыларымыз соңғы Олимпиадада 200 мемлекеттің ішінен 12-орынға табан тіреп, төбемізді көкке жеткізді. Бұл, әрине, біздің мақтанышымыз. Алайда, кейде біздер қазақстандық спорттың дамуына өлшеусіз қажыр-қайрат жұмсаған ардагерлерімізді ұмытып кетіп жатамыз. Өткен аптада қалалық мәслихаттың ше­ші­мі­мен кезінде грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы атанған Жақсылық Үшкемпіровке «Алматы қа­ла­сының құрметті азаматы» деген атақ беру ұй­ға­рылды, - деді қала әкімі.

Қала басшысы майталман спортшының кеу­де­сіне «Құрметті азамат» деген белгіні тағып, куәлігін табыстады.