Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев төртінші баланың әкесі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев төртінші баланың әкесі атанды, деп жазады Baistars.kz.

Зайыбы Салтанат ұл баланы дүниеге әкелді.

Бұл Бақтиярдың отбасындағы төртінші бала, бұған дейін ерлі-зайыптылар бір ұл мен екі қыз баланы тәрбиелеп отырған болатын.