ОРАЛ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы Илья Ильин биылғы әлем біріншілігіне қатысады.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне И.Ильиннің өзі мәлім етті. Оның айтуынша, одан кейін Азия ойындары, 2012 жылы Лондонда өтетін олимпиада, басқа да әлемдік додалар кезек күтіп тұр. Бейжің олимпиадасында үздік шыққан И.Ильин жастығына қарамастан, бұған дейін екі мәрте әлем чемпионы атанған болатын.
Наурыздың 2-сінде олимпиада жеңімпазын облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен қабылдап, сый-сияпат тарту етті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).