Олимпиада чемпионы М.Добревтің өз үйінен өлі денесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан 2004 жылғы Олимпиада чемпионы Милен Добревтің өз үйінен өлі денесі табылды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

35 жастағы болгарлық спортшының денесін оның ата-анасы тауып алған.

Болгария елінің ішкі істер министрлігінің өкілінің айтуынша, оның денесінен зорлық-зомбылықпен өлтірілу белгілері байқалмаған. Қазір спортшының ажал құшуының себептері анықталып жатыр.

Милен Добрев 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарында 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанған болатын. Ол сондай-ақ 2003 жылы Әлем чемпионатының алтын медалін иеленген еді.