Оған Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогыныңы иегері, боксшы Серік Сәпиев қатысады.
Бүгін Спартакиада аясында Кедендік бақылау комитетінің Астанадағы спорт кешенінде іріктеу матчтары басталды. Тамыздың 26-сына дейін 10 облыстан келген кеденшілер шағын футбол, волейбол, шахмат және үстел теннисі сайыстарына түсіп, өзара күш сынаспақ. Тамыздың 27-сі жеңімпаздар анықталмақ. Осы күні Кедендік бақылау комитетінің Орталық аппаратында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Оған Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, боксшы Серік Сәпиев шақырылып отыр.