Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров жайлы үзік сыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіби спортшы, соңғы кездері іскерлік қырынан танылып жүрген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Еңбек сіңірген спорт шебері, грек-рим күресінің палуаны Жақсылық Үшкемпіров жайлы айтылмаған үзік сыр мен естеліктер - «Қазақстан» ұлттық телеарнасында.

Бұл туралы Ұлттық арнаның баспасөз қызметі хабарлады.

Үлкен спортқа қалай келді, 1980 жылғы Мәскеудегі Олимпиадада 30 жасында чемпион атанған алғашқы қазақтың бүгінгі кәсібі - асыл тұқымды мал басын көбейтумен айналысу ісіндегі қиыншылықтар мен ауыртпалықтар, қуаныштар мен жетістіктер, тәртіп пен әдеп мәселесі, отбасының қамы, үш ұл мен сегіз немере сүйіп отырған абзал әкенің зейнеттегі тыныс-тіршілігі, дос-жораларының естеліктері жайлы 21 наурызда сағат 21.00-де «Қазақстан» телеарнасында.

«Қазақстан» телеарнасында ақпанның соңғы сенбісінде эфирге шыққан жаңа форматтағы-«мемуарлық» жанрдағы - «Сенбілік кездесу» атты жаңа бағдарламаның жүргізушісі Құрманбек Жұмағали танымал тұлғалардың ел білмейтін жеке өмірінің қыр-сырларын ашады.