ПАРИЖ. KAZINFORM – Дзюдодан әйелдер арасында Әбиба Әбужақынова Олимпиада ойындарының жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті.
48 келі салмақта сынға түскен отандасымыз жұбаныш белдесуінде Парагвай дзюдошысы Габриэла Нарваесті 2 минутта ұтты.
Енді ол қола жүлде үшін Жапония-Швеция балуандары жұбының жеңімпазымен белдеседі.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова бірінші белдесуінде Израиль балуаны Сара Ришониді Waza-Ari ұпайымен жеңсе, екінші кезеңде Тайпей спортшысы Чен-Хао Линнің жауырынын 17 секундта жер иіскетті.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова Олимпиада ойындарының үшінші айналымында қарсыласына жол берген болатын.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.