Кездесу финалға сай тартысты өтті. Ресейлік спортшылар Н. Гусев пен К. Капризов ұйымдастырған комбинациядан кейін В. Войнов мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, қарсыластар қақпасына 1 шайба салып, алғашқы кезеңді 1:0 есебімен аяқтады. Екінші кезеңдегі жалғыз шайбаны Б. Мацек пен П. Хагердің шабуылын сәтті аяқтаған Ф. Шютц соқты - 1:1.
Үшінші кезеңде Н. Гусев екі шайба, германиялықтар сапынан Д. Кахун мен Дж. Мюллер бір-бірден шайба салып, тағы да тең нәтиже болды.
Овертаймда енді Н. Гусевпен пас алмасқан К. Капризов ыңғайын тауып, шайбаны қақпаға сүңгітіп жіберді. Сөйтіп, есепті 4:3-ке жеткізді.
Осылайша, хоккейден Ресейдің олимпиадалық атлеттері командасы ХХІІІ қысқы Олимпиаданың алтын медальдарын жеңіп алды.
Фото: vk.com