Олимпиада қалашығында Қазақстанның Туы көтерілді

Фото: None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында Қазақстанның туы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

XXIII қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында өткен ту шығару рәсімінде спортшыларды ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев бастап шықты.  

Естеріңізге сала кетейік, Пхенчхан қаласындағы Олимпиада ойындарына екі күн қалды. Қазір қазақстандық спортшылар Олимпиада қалашығында соңғы дайындықтарын пысықтауда. Қазақстан спортшылары Олимпиадаға 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар спорттың 9 түрінен сынға түседі. Ақ Олимпиаданың ресми ашылу салтанаты 9 ақпанда, ал жабылу рәсімі 25 ақпанға жоспарланған.  









фото: Даниар Майлыбев

Соңғы жаңалықтар