Биатлон ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринт жарысында ел намысын Владислав Киреев және Александр Мухин қорғады.
Жарыс қорытындысында Александр Мухин мәре сызығын 49-шы болып кесті. Ал Владислав Киреев мәреге 77-ші болып жетті.
Нәтижесінде Мухин алдыңғы 50 спортшының қатарынан көрініп, із кесу жарысына қатысуға мүмкіндік алды.
Бұл додада мәре сызығын бірінші болып кескен Норвегия Йоханнес Бое (24:00.4 (0 1)) жеңімпаз атанды. Екінші орынды франциялық биатлоншы Квентин Фийон-Мэйле ( 25,5 (1)) қанжығасына байлады. Үздік үштікті Норвегияның тағы бір өкілі Тарья Бе ( 38,9 (1)) түйіндеді.