ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық шаңғышы қыздар командалық спринт жарысында финалға шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шаңғышы қыздар арасында өткен командалық спринтте ел намысын Анна Шевченко мен Валерия Тюленева қорғаған болатын.
Өкінішке орай, отандастарымыз 7.5 шақырымдық қашықтықтты 17:57.04 уақытта жүріп өтіп, финалдық кезеңге шыға алмады.
Жарыс нәтижелері:
1. Норвегия - 16:33.28
2. Швейцария - 6.55
3. Словения - 6.64
10. Қазақстан (Анна Шевченко, Валерия Тюленева) - 1:23.8.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.