Олимпиада күміс жүлдегері Ә. Ниязымбетов Азия чемпионаты мен Алматыда өтетін әлем біріншілігіне қатысады

АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов 2013 жылғы Азия чемпионаты мен Алматыда өтетін әлем біріншілігіне қатысатынын мәлімдеді.

- Алға қойған жоспарларым көп. Келер жылы Азия және әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсету үшін дайындаламын, - деді олимпиада жүлдегері.

Астанада өткен бокстан Қазақстан кубогы финалында ҚБФ биылғы жылдың ең үздік боксшыларын марапаттады. Қорытынды бойынша, Серік Сәпиев пен Марина Вольнова - Қазақстанның ең үздіктері болып танылды, деп  хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.